Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша рейдтер өткізілуде.
Соңғы күндері елордадағы Жетісу саябағында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаны ластау фактілерінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындар мен саябаққа келушілерге қоқысты арнайы жәшіктерге тастау, қоғамдық орындарды таза ұстау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін елордадағы Ұстаздар саябағында да «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылған болатын.
Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Бұл ретте тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды рөл атқарады.


