Жамбыл ауылдық округіне қарасты Саурық батыр ауылындағы орта мектепте «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға Жамбыл аудандық партия филиалының төрағасы Ы.Амалбек, Жамбыл аудандық мәслихат депутаттары А.Смағұлов және Д.Тойбаев, Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ж.Балаев, Жамбыл аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Д.Балаев, Жамбыл ауылдық округінің жергілікті полиция учаскесінің полиция аға лейтенанты Т.Қадыров және округ әкімінің орынбасары Б.Ермекұлы қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелердің оң шешілуі үшін қажетті жұмыстар атқарылатын болады.