Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚР Прокуратурасының құрылғанына 30 жыл

ҚР Прокуратурасының құрылғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары құрылғанына ағымдағы жылдың 6 желтоқсаңында 30 жыл толып келеді.

Жамбыл ауданының прокуратурасына келер болсақ, қазіргі прокуратураның ғимараты 1975 жылы салынып, осы уақытқа дейін 46 жылдан астам мерзімі бойы қолданылып келеді.

          Жамбыл ауданының прокуратурасында қызмет атқарған азаматтар бүгінгі күні мемлекеттік органдардың басшылық құрамдарында еліне, жеріне қызмет атқаруда.

          Аудан прокуратурасы құрылғалы бері 14 прокурор басшылық еткен:

  • Иса Момбаевич Иманбаев 1976 – 1982 жылдар аралығында;
  • Толеген Касенович Досболдинов 1983 – 1992 жылдар аралығында;
  • Жумасай Бекжигитович Бердияров 1992 – 1998 жылдар аралығында;
  • Талап Касенович Калиакперов 1998 – 2002 жылдар аралығында;
  • Қайрат Онгарбаевич Онгарбаев 2001 – 2004 жылдар аралығында;
  • Қайрат Алиханович Абдыханов 2004 – 2006 жылдар аралығында;
  • Нурлыхан Райымкулович Култаев 2006 – 2008 жылдар аралығында;
  • Галымжан Мухамеджанович Мухамеджанов 2008 – 2008 жылдар аралығында;
  • Айдос Серикханович Майлыбаев 2008 – 2011 жылдар аралығында;
  • Назарбай Адильшайхович Ибраймолдаев 2011 – 2012 жылдар аралығында;
  • Джансеит Амангельдиевич Аязбаев 2012 – 2013 жылдар аралығында;
  • Айдос Муратович Кульбаев 2013 – 2019 жылдар аралығында;
  • Сериккали Жамбыбекович Кушалиев 2019 – 2020 жылдар аралығында.

          Қазіргі таңда, Жамбыл ауданының прокуроры Жылангозов Дархан Абдыхаиымұлы 30.07.1980 жылы тумасы Алматы облысында дүниеге келген.

          2020 жылдың мамыр айында ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуроры қызметіне тағайындалған.

          Сыныптық шені — кіші әділет кеңесшісі.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында прокуратура қадағалауын азаматтар және бизнес мәселелерін шешуіне бағыттау тапсырылған.

Жамбыл ауданы прокуратурасы бұл жұмыстарды “Атамекен” кәсіпкер палатасымен бірлесіп, іске асыруда.

Ағымдағы жылда прокуратураның қадағалау актісімен Бас санитарлық дәрігердің Ведомствоаралық комиссия және Алматы облысы Бас санитарлық дәрігерінің шешімдеріне қарсы болып келетін заңсыз қаулысының күші жойылды.

Өзге жағдайда, бізбен аудан Білім бөлімі тарапынан пайда болған жасанды кедергі жойылған.

Нәтижесінде, 194 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік сатып алу саласында, ауылдық округ әкімдіктерімен “Almaty Construction Group” ЖШС-нің жұмыстары үшін тиісті еңбек ақысы төленбей, олардан келісімде көзделмеген өзге жұмыс жасау сұратылғаны анықталды.

Біздің тарапымыздан тиісті шара қолданылып, нәтижесінде кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Жалпы, аудан прокуратурасының бүкіл қадағалау салалары бірінші кезекте азаматтар және кәсіпкерлер құқықтарын қорғауға бағытталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments