Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedҚысқы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

Қысқы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелек ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салына бастайды. Алайда Алматыда жылдағыдай аяз да, қар да жоқ. Қара жер қысқы дөңгелекті қажап жібереді деген көлік иелерінің заңға бағынғысы келмейді. Бұған полицейлер не дейді? Арнайы рейдтердің біріне қатысқан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестің бейнематериалы.

Қыстың бірінші күні. Алматыда сәл-пәл жабыр себелеп тұрғанымен көшеде қар да, көктайғақ та жоқ, тап-таза. Алғаш қар жауғанда ғана дөңгелек ауыстыратын орталықтарды жағалайтын жүргізуішілер де еш алаңсыз. Көбісі қысқы шинаны жер қажайды деп аяп, ауыстырмаған. Ішкі істер министрлігінің көлікті 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындау қажеттігі туралы ескертуін елемегендер баршылық. Осыны ескерген жол полицейлері арнайы рейдке шықты. Алғашқы минуттарда-ақ қысқа қамданбаған жүргізушіні ұстады.

Мұқан Ташбаев, қала тұрғыны:

Каспийден заказ бергенмін. Екі-үш күнде жеткізіп береміз деді. Соған үлгерген жоқпын.

Бірі үлгермедім десе енді бірі тақыр асфальтта шегелері бар дөңгелекті тақпаймын дейді. Өйткені қысқы дөңгелек құрғақ жолға жарамайды екен.

Бір-екі сағатта полицейлер оншақты жүргізушіге айыппұл салды. Көлік иелері қар жауып, көктайғақ болмаса қысқы дөңгелектің кажеті жоқ деген пікірде. Бірақ, мамандар заң барлығына ортақ, ережені елемегендер айыппұл арқалайды деп кесіп айтты.

Ермек Меңғалиев, Алматы қаласы ПД мамандандырылған батальонының аға инспекторы:

Жер тайғақ болсын, болмасын қар жаусын, жаумасын оған қарамайды. Бүгіннен бастап үш ай қысқы жүргізуішілер тек қысқы дөңгелекпен жүруі керек. Бүгіннен бастап ескерту жоқ. Әкімшілік айыппұл салынады. Бірінші жолға бес айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Егер 10 күннен кейін тағы қайталанатын болса 20 АЕК айыппұл салынады.

Былтыр қысқы дөңгелегін ауыстырмаған 1500-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Полицейлер бүгінгідей тексеріс жолдағы қаупсіздікті күшейту үшін күнде болатынын ескертті. Айыппұл арқаламас үшін жүргізушілер көктайғақты күтпей, дөңгелегін қазір ауыстыруы керек. Полицейлер ең көп жол апаты да алғаш қар жауған күні тіркелетінін тағы бір мәрте ескертеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments