Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының өзгеруіне байланысты өңір бойынша газ тарифтерінің көтерілуі күтілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы №216-нқ бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы:
ҚҚС-сыз 1 000 м³ үшін 39 044 теңгеден 55 716 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Осыған байланысты облыстың газ тарату ұйымдары тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қайта қарау бойынша тиісті жұмыс жүргізетін болады.
Бұл ретте газды тасымалдау тарифтері мен газ тарату ұйымдарының жабдықтау үстемелері бөлек айқындалатынын және қызмет көрсету аумағына, сондай-ақ нақты газ тарату ұйымына байланысты әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтеміз.
Аталған мәселе Алматы облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
RELATED ARTICLES


