Пятница, 13 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚұрылыс саласындағы құқықтық реттеу: Инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігі артады

Құрылыс саласындағы құқықтық реттеу: Инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігі артады

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық құрылыс басқармасының құжат айналымы және құрылысты құқықтық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Арслан Тұрлыбай құрылыс үдерісіндегі негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, салынатын нысанның мақсатына сәйкес құрылыс материалдары мен технологияларына белгілі талаптар қойылады. Технологиялық үдерістердің сақталмауы өндірістік апаттар мен қосымша шығындарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тапсырыс берушілер авторлық және техникалық қадағалау жүргізетін инжинирингтік компаниялармен келісімшарт жасасады.

Сонымен қатар, заң талаптарына сай, инжинирингтік компанияларда құрылыс барысын толық бақылауға қажетті техникалық база мен тиісті аккредитация болуы шарт. Алайда, қызметті бақылау кезінде инжинирингтік компаниялардың жауапты тұлғаларының құрылыс алаңында болмауы, үдерісті қашықтан бақылауы және аралық жұмыстарды жалған растауы сияқты формальді тәсілдер жиі кездеседі, бұл бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланылуына әкеледі, деп атап өтті спикер.

«Инжинирингтік қызмет көрсету келісімшарттары бойынша міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған компанияларды мемлекеттік қызметтердің жауапсыз жеткізушілері тізіміне енгізу және келісімшартты біржақты тәртіппен бұзу туралы өзгерістер енгізуді ұсынамыз,» – деді бөлім басшысы Арслан Тұрлыбай.

Сондай-ақ, адам өміріне қауіп төндіретін немесе ауқымды шығындарға әкелетін жағдайларда міндеттерін орындамаған инжинирингтік компаниялардың жауапты тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет деген ұсыныс жасалды. Қазіргі уақытта тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдар арасындағы стандартты келісімшарттарда пайдалану мерзімі 2 жыл болып бекітіледі. Алайда, ҚР Азаматтық кодексінің ережелеріне сәйкес, кепілдік мерзімін анықтау құрылыс мердігерлігі туралы келісімшартта тараптардың келісіміне байланысты болуы мүмкін деп түйіндеді спикер.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments