Воскресенье, 25 мая, 2025

Құттықтаймыз

Құрметті ДАРМЕНОВА Лаззат Жарылқасынқызы жəне ӨТЕГЕНОВА Салима Мұхатқызы!

Сіздерді биылғы оқу жылында зейнеткерлік жасқа толуларыңызбен Əсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Саналы ғұмырларыңызды жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тəрбие беруге арнап, ұстаздық жолда аянбай еңбек еткендеріңіз үшін Сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз арқылы талай шəкіртке бағыт-бағдар беріп, өмір жолына қанат қақтырдыңыздар. Бұл – мəңгілік мақтаныш, өшпейтін із. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде Лаззат Жарылқасынқызының əр балаға ерекше мейіріммен қарап, білімнің алғашқы баспалдағына нық қадам бастыруы – ұжым мен ата-аналардың жоғары бағасына ие болды. Сол секілді Салима Мұхатқызы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі ретінде оқушылардың ұлттық рухын оятып, тіл мен əдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра білді. Ұлағатты ұстаз ретінде атқарған қажырлы еңбектеріңіз бен үлгілі өмір жолдарыңыз – кейінгі жас мамандарға үлгі. Зейнеткерлік – бұл демалыс емес, еңбектің жемісін көріп, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басу. Осы жарқын кезеңде
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық жəне шат-шадыман көңіл күй мен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Төккен терің, сіңіргенің – ерен еңбек,
Сол еңбектің жемісі – үміт, өрлік
Зейнет жасы – құрметтің бір белгісі,
Тілейміз біз Сіздерге бақыт, төрлік.

Құттықтаушылар: Əсет Бейсеуов
атындағы орта мектебінің ұжымы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments