Тарғап ауылының тұрғыны, ұл-қыздарына ақылшы әке, немерелеріне қадірлі ата атанған Құрымбаев Арыстанбек Бейсембайұлын 30 қаңтар күні 70 жасқа толуымен және аяулы анамыз Бексұлтанова Назым Омарқұлқызын 61 жасқа толып, зейнеткерлікке шығуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Анамыз 1984-1995 жылдары Бақанас аудандық ауруханасында медбике болып, денсаулық сақтау саласына еңбегін сіңірген ақ халатты азбал жан.
Әкеміз 1955 жылдың 30 қаңтарында дүниеге келген. Тарғап орта мектебін тамамдаған соң 1973-1975 жылдары Мәскеу қаласында әскери борышын өтеген. Ал 1976 жылы Алматы қаласындағы зооветеринариялық институтын аяқтаған. Ол туған ауылы Тарғапта жүргізуші, шаруашылықта зоотехник, есепші, бригадир болып абыройлы қызмет атқарды.
2013-2019 жылдар аралығында жылы Қаттаубай атындағы кооперативтің меңгерушісі болып, еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне зор үлесін қосты және өзінің басқарушылық іскерлігімен танылды. Ұзақ жылғы ел алдындағы елеулі еңбегі ескеріліп, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталып, майталман маман атанды.
Бүгінде анамыз Назым екеуі 4 ұл мен 3 қызды тәлімді тәрбиелеп, ата-аналық борыштарын адал атқара білді. Әкеміз бен анамыз ұл-қыздарынан тараған 19 немеренің ортасында бақытты өмір сүруде. Туыс-бауыр, ағайын-туыс және құда-жекжатқа сыйлы, құрметті, өз ұрпағымен мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып отырған жайы бар.
Әкеміз – асқар тау, анамыз – мөлдір бұлақ, ал біз – жағасындағы жасыл құрақпыз. Тау тұлғалы Арыстанбектей әкемізбен, Назымдай асыл анамызбен мақтанып, марқайып, орындары қашанда төрде болғанын қалаймыз. Дендеріне саулық, отбасына амандық тілеп, мағыналы, мәнді, бақытты ғұмыр кешсін демекпіз.
Ізгі тілекпен:
ұл-қыздары мен немерелері.