- Еліне елеулі болып жақсылардың қатарында ер азаматтық тұлғасымен жарасымды істің ұйытқысы болып жүрген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Далабаев Әділбек Қамбарұлын 12 наурыз күні 37 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Сізді көпшілік білімді де білікті, ұйымдастырушылық қабілеті мол, елдің
қамын ойлайтын айтулы азамат ретінде бағалайды. Ауданымыздың əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына өзіңіздің өлшеусіз үлесіңізді қосып келесіз.
Туған еліңізге перзенттік махаббатыңызбен қызмет етіп, алғыс алып, арқаланып жүре
беріңіз. Деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Отбасыңызға амандық, бақыт пен береке, əр күніңізге мерейлі мереке тілейміз.