Баршаңызды еліміздің егемендік жолындағы айрықша күні болған ұлттық мерекемізбен құттықтаймын!
Бұл күн – елдікті нығайтып, бірлікті бекемдеуге шақыратын айшықты мереке. Көк байрағымыз төбеден түспей, Республика күні отандастарымызға ұлттық рух сыйласын!
Жастарымыз азаттықтың ақ таңында құлашын кең сермеп, ынтымағымыз арта берсін! Отанымыз– отбасымыз. Сол отбасындағы көрсетер жылулықты әр қазақ бір-біріне танытып, еңселі ел болайық!
Қуанышты күнде баршаңызға бақыт пен денсаулық тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Тоқтасынов Тұрсынжан



