«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Соңғы уақытта бұл бағытта құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне басымдық берілуде. Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы құқық бұзушылықтың алдын алуға және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құқықтық тәртіптің орнығуы тек құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты емес. Әр азаматтың заңды құрметтеуі, өз міндеттерін білуі және басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты осы құндылықтарды күнделікті қоғамдық өмірде орнықтыруды көздейді.


