ҮЕҰ назарына!
ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау басталады.
Жақын арада, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайтын болады.
Дәстүр бойынша өтінімдерді қабылдау «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»1 Заңның 5-бабында белгіленген 15 бағыт бойынша жүзеге асырылады, сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралыЕрежелері2 негізінде беріледі.
Айта кетсек, 2017 жылдан бастап еліміздің қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан 223 ҮЕҰ сыйлық иегері атанды.
Биылғы жылы да республика аумағында тіркелген және ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынған әрбір ҮЕҰ өтінім қалдыра алады.
Құрметті ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, егер Сіздің ұйымыңыз белсенді жұмыс жүргізіп, халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге атсалысса, келесі құжаттарды ұсына отырып, сыйлық алуға өтінім беруге шақырамыз:
1) ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген «ҮЕҰ-ға сыйлықақылар беру қағидаларына»(бұдан әрі-Ереже)1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮЕҰ-ға сыйлықақылар беру конкурсына қатысуға өтініш;
2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;
3) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);
4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (ҮЕҰ), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);
5)марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмелері (болған жағдайда);
6) ізденушінің немесе ізденуші туралы мақалаларының, жарияланымдарының көшірмелері (бар болса);
7) құрылтай құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.
Сонымен қатар, өтінім берген кезде міндетті түрде мыналарды ескеру қажет:
— бір ҮЕҰ-ны сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық ұсынуға болмайды;
— сыйлық алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алуға қайта ұсынуға жол берілмейді.
Сыйлықақы алуға ҮЕҰ ұсыну туралы өтінімдер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекті қоса алғанда (сағат 18:30-ға дейін) ueu_syilygy@qogam.gov.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайы арқылы және (немесе) қолма-қол ныысанда қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде не DOC, DOCX, PDF форматында USB-флэш-жинақтаушыларда)беріледі.
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс.
Анықтама телефондары: +7 (702) 376 84 00, +7 (705) 101 59 05, +7 (702) 714 63 24, +7 (7172) 74 02 17, 74 09 97, 7405011.
Сіздерді күтеміз және конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңға сілтеме- http://10.61.42.188/kaz/docs/Z050000036_
Сыйлық беру ережелеріне сілтеме — http://10.61.42.188/kaz/docs/V1800017041