Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бет101 хабарлайдыҮйдегі өрт қауіпсіздігін сақтаңыз

Үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтаңыз

Ақаулы электр аспаптарын электр желісіне қосуға қатаң тыйым салынады. Қосылған электр құрылғыларын жанғыш заттар мен материалдарға жақын қоймаңыз. Бір уақытта электр желісіне бірнеше қуатты электр тұтынушыларын қосуға жол бермеңіз, себебі бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін. Электр сымдарын түсқағаздармен желімдеуге, ескірген электрлік ұзартқыштарды пайдалануға болмайды, өйткені электр сымдарын оқшаулаудың бұзылуы қысқа тұйықталуға және кейінгі өртке әкелуі мүмкін. Ешқашан ақаулы (сынған немесе зақымдалған) электр ажыратқыштарды, электр шанышқыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз, электр сымдарын бұрау арқылы қосуға болмайды

  1. Балаларды жалғыз қараусыз қалдырмаңыз!
  2. Балаларға сіріңкемен ойнауға, от жағуға, қоқыс пен шөпті өртеуге жол бермеңіз.
  3. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қараусыз қалдырмаңыз.
  4. Жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
  5. Газ құралдарын өз бетінше жөндемеңіз.
  6. Газ құралдарына балаларды жібермеңіз.
  7. Газ құралдарымен киім-кешектерді кептірмеңіз
  8. Үй-жайды газ плитасымен жылытпаңыз.
  9. Газ аспаптары жұмыс істеген кезде үй-жайды желдетіңіз.
  10. Егер сіз газ иісін сезсеңіз, 104 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жамбыл ауданы ТЖБ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments