Алматы облысындағы ең танымал туристік орындардың бірі – Үлкен Алматы көлінің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Жоба аясында келушілерге қолайлы жағдай жасау, туристік бағыттарды ретке келтіру және табиғи аумақты сақтай отырып, экологиялық туризмді дамыту көзделген. Бұл бастама өңірдің туристік әлеуетін арттырып, табиғат аясындағы демалысты қауіпсіз әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.


