Понедельник, 6 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Үміт» бағдарламасы басталды

«Үміт» бағдарламасы басталды

Елімізде «Үміт» бағдарламасы пайда болды. Ол кәсіптегі әйелдерді қолдауға бағытталған,

Жобаны жүзеге асыруға «Даму» қоры 10 млрд теңге бөлді. Елдегі әйел кәсіпкерлердің әлеуеті қандай?

«Даму» қоры қолдаған жобалардың 47%-ін әйелдер бастаған. «Үміт» бағдарламасы басталды «Үміт» бағдарламасы әйелдердің кәсібін дамытуға мол мүмкіндік береді. Тіпті ауыл-аймақтағы қыз-келіншектер де екінші деңгейлі банктер арқылы несие рәсімдеп, ісін ілгерілетуге құқылы. Қарыз инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалады. 100 млн теңгеге дейінгі несиені 84 айға шейін алуға болады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінді. «Даму» қорының өкілдері мұндай қолдаудың қаржы және сақтандыру саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және көтерме-бөлшек сауда салаларына арналмағанын ескертті. Ал барлық қатысушы Еуропа қайта құру және даму банкімен әріптестік аясында тегін оқу курстары және тренингтерден өте алады.

Гаухар Бөрібаева, «Даму» қорының басқарма төрағасы: — Үкімет Қазақстандағы шағын және орта бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көп көңіл бөледі. Шағын және орта бизнес иелері құрылымындағы әйел кәсіпкерлердің үлесі «Даму» қоры қолдаған жобалардың жалпы санының 47%-іне жетті. Қор жұмыс істей бастаған уақыттан бері әйел кәсіпкерлердің 96 мың жобасына 2 893 млрд теңге сомасында қолдау көрсетті. Бизнестегі арулар бизнес-идеяларын жүзеге асыру, компаниясын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашу үшін берілген мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланатыны қуантады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments