Отбасы – адам үшін ең қауіпсіз орын болуы тиіс. Бірақ кейде ең жақын адамдар арасында зорлық орын алады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл жеке мәселе емес, бүкіл қоғамның дерті.
Егер сіз зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның куәсі болсаңыз, үндемей қалмаңыз. Қорқыныш пен ұят – бұл сезімдерді жеңу керек. Өйткені сіздің үнсіздігіңіз келесі зорлыққа жол береді.
Есіңізде болсын:
-
әр адамның қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар;
-
заң сіздің жағыңызда;
-
көмек әрқашан табылады.
Біз бірге – зорлықсыз, қауіпсіз қоғамды құра аламыз!
#ТұрмыстықЗорлыққаЖолЖоқ #ҚауіпсізҚоғам #Отбасы


