Халықаралық әйелдер күніне орай ақ жаулықты аналарымызға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында ауыл аналарын құрметтеп, концерттік бағдарлама ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Ақ жаулықты аналарымызға сый-сияпаттар табысталып, ізгі тілектер айтылды.
Шара барысында жиналған қауымға 15 наурыз күні өтетін республикалық референдум туралы да ақпарат беріліп, оның маңызы мен мәні түсіндірілді. Ауыл тұрғындарына ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысудың маңыздылығы айтылды.
Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақ сабақтастығын нығайтып, аналарымызға құрмет көрсетумен қатар, қоғамдағы маңызды мәселелер жөнінде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.


