Кездесу барысында тұрғындарға референдумның маңызы мен мақсаты түсіндіріліп, дауыс беру тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мұндай түсіндіру жұмыстары азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға және маңызды қоғамдық мәселелер бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеруге бағытталған.


