ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНЕ АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Халықтық штаб мүшелері медицина колледжінің студенттері мен ұжымымен кездесті. Бұл басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты маңызды мәселелер талқыланды, олардың ішінде атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды. Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Исмаилжан Иминов еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Ол халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. #АЭСтаңдаймыз #ЗаАЭС #ХалықтықШтаб