Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Ұйғыр ауданында 15 наурыз күні Конституциялық өзгерістерге байланысты республикалық дауыс беру науқаны...

Ұйғыр ауданында 15 наурыз күні Конституциялық өзгерістерге байланысты республикалық дауыс беру науқаны басталды

Таңғы сағат 07:00-ден бастап аудан тұрғындары өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне келіп, белсенді түрде дауыс беруде. Жалпы Ұйғыр ауданы бойынша 38 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 40 мыңға жуық.

Дауыс беру барысында аудан тұрғындарының азаматтық белсенділігі ерекше байқалды. Шарын ауылында жасы 90-нан асқан екі ақсақал мен сегіз әжей сайлау учаскесіне арнайы келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап, кейінгі буынға өнеге көрсетті.
Ал Бахар ауылында орналасқан №932 сайлау учаскесіне Ұйғыр ауданындағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Алым Кебиров келіп, өз дауысын берді. Құрметті ардагердің бұл қадамы ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар Жаңабай Құдайбергенов атындағы мектеп ауласында «Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция аясында дауыс беруге келген тұрғындар мектеп ауласына Аудандық Қарадала орман шаруашылығы дайындаған жас көшеттерді отырғызды. Шара барысында «Жазерке» және «Арзу» ансамбльдерінің жанды әуені шырқалып, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айдос Абайұлы
Қарадала орманшаруашылығы мемлекеттік мекемесі ұжымы, бүгін 15 наурыз 926 учаскіге дауыс беріп шығып, 20 бозарша, 20 қарағаш көшетіт сол мектеп ауласына таза табиғат акциясы негізінде ағаш отырғыздық.
Түскі сағат 12:00-де аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері арнайы дауыс беру жәшіктерін алып, үйде дауыс беруге ниет білдірген азаматтарға барды. Жалпы аудан бойынша 152 тұрғын денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Осылайша әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына толық жағдай жасалды.
Досқанаев Мұхаметқали Әліпұлы:
«Жалпы, өкіметтің ұстап отырған саясаты өте жақсы, халық үшін жақсы жұмыс істеп жатыр. Елдің өркендеуі үшін, бейбітшілік үшін өте маңызды. Сол үшін дауыс беріп отырмыз».
Жалпы, Ұйғыр ауданында дауыс беру науқаны талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен өтуде. Сайлау учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмыс істеп, аудан тұрғындары ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасап жатыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments