Министрлік жоғары оқу орындарына түсудің шекті баллдары өзгеріссіз қалғанын хабарлайды. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл жинау шарт.
«Құқық» және «Педагогика ғылымдары» білім беру бағдарламалары бойынша ең жоғары шекті балл 75-тен кем болмау керек. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, медицина» мамандығы бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер жоқ дегенде 70 балл жинауы қажет.