Тағылымы мол шара барысында білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне үлес қосып жүрген ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Данияр Алдабергенұлы Қасқарауовтың Алғыс хаттары табысталып, ұстаздарды Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Әділбек Қамбарұлы құттықтады.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – ұлттың рухани тірегі, жас ұрпақтың бойына білім мен ізгіліктің дәнін себетін ардақты мамандық иесі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген шынайы жанашырлықтарыңыз әрдайым зор құрметке лайық.
«Әділет» партиясы білім беру саласын дамыту мен педагог мәртебесін арттыруды маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Өйткені сапалы білім – ел болашағының берік негізі.
Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, шәкірттеріңізге бағыт-бағдар беріп жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шәкірттеріңіздің биік белестерін көру бақыты бұйырсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі ұстаздар!


