Среда, 30 апреля, 2025
Басты бетЖаңалықтарӘлем кубогы жарысында күміс жүлдемен оралған Дәурен Қадыр

Әлем кубогы жарысында күміс жүлдемен оралған Дәурен Қадыр

Өзбекстан елінде 20-дан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысқан әлем чемпионаты өтуде.
Олардың арасында Алматы облысының Кеген ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау летейнанты Қадыр Дәурен гір көтеру бәсекесінде ересектер арасында 68 салмақпен ІІ орын иеленіп, күміс медальді қанжығасына байлады. Қазақстан республикасының спорт шебері негізі бұл сайысқа толыққанды дайындықпен барған, жеңіске қол жеткізу кезінде 2 ұпай жетпей қалғандығын айтады.

21 жасар спортшы бұған дейінде Қырғыз елінде 25 елдің 800-ден астам спортшысынан құралған әлем чемпионатында осы спорт түрінен күміске ие болған. 4 жылдан бері республикалық, облыстық жарыстарға қатысып келе жатқан жеңімпаз сайыстардан жүлделі орынсыз оралмаған. Айта кету керек, жас спортшы қазақ күресімен шұғылданып, Қазақстан республикасының қола медалін иемденген. Мәлік Ғабдуллин академиясында өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша білім алып, оны үздікке бітірген түлек ҚР Төтенше жағдайлар минитрі Шыңғыс Сайранұлы Әріновтың қолынан алғашқы арнайы лейтенант шенін алған. Алдағы уақытта осындай әлемдік аренадағы байрақты бәйгелерде өз намысын бермей, жүлдегер атанатынына сенімді.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments