Понедельник, 20 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарӘлем таныған "Бүркітші қыз" Қазақстанға көшіп келді

Әлем таныған «Бүркітші қыз» Қазақстанға көшіп келді

Жуықта әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан атажұрты Қазақстанға қоныс аударды. Алты жасынан бастап асау үйретіп, сегіз жасынан түз тағысын баптаған бойжеткенге осыған дейін әлемнің бірнеше мемлекетінен шақырту түскен болатын. Десе де, бүркітші ару өз таңдауын жасап, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылына табан тіреді. 

Моңғолия жерінде дүниеге келген бүркітші қыз әлемнің 31 елін аралаған. Тіпті ол туралы режиссер Отто Белл «The Eagle Huntress» атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде Лондон, Нью-Иорк, Дубай, Токио, Сидней қалаларында көрсетілді. Көпшілік көңілінен шыққан «The Eagle Huntress» фильмі 2015 жылы «Оскар» сыйлығына да ұсынылған. Ал, 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Біле білсек, бұл сыйлық Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments