Вторник, 27 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтарӘлеуметтік жеңілдіктердің кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр – Президент

Әлеуметтік жеңілдіктердің кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр – Президент

 

Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді. 

«Мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деп қабылдаған жөн. Қазір барлық аймақта, әсіресе, ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық қызметтің сапасы артып келе жатыр. 2019 жылдан бері еліміз бойынша 1259 денсаулық сақтау мекемесі салынды. Конституциямызда ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі туралы айқын жазылды. Еліміздің азаматтары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алуға құқылы. Бұл, түптеп келгенде, бірегей әлеуметтік көмек десек, артық болмас», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар еліміздің әрбір мектебінде барлық бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік жағынан осал топтағы балалар, яғни, бір миллион жеті жүз мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алуда, деді Мемлекет басшысы.

 

«Елімізде неше түрлі әлеуметтік жеңілдіктер бар, тіпті, олардың кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр. Сондықтан қазір Үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, осы жұмыспен айналысуда», – деді Президент.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments