Пятница, 11 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтарӨТЕГЕН БАТЫРДА ЖАҢА АЛЛЕЯ АШЫЛДЫ

ӨТЕГЕН БАТЫРДА ЖАҢА АЛЛЕЯ АШЫЛДЫ

Бүгін Өтеген батыр ауылындағы Титов көшесінде жаңа аллея тұрғындар игілігіне берілді. Ашылу салтанатына Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге жаңа қоғамдық кеңістікті аралады.
Титов көшесін абаттандыру аясында 6 100 шаршы метр брусчатка төселіп, 84 жарық шамы орнатылды. 1 300 метр арық жүйесі жүргізілді. Көше бойына орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.
Ал Титов көшесі, 24-үй маңындағы жаңа аллея балалардан бастап ересектерге дейін уақыт өткізуге лайықталған. Мұнда балалар ойын алаңы, воркаут аймағы, үстел теннисі мен шахмат ойнауға арналған орындар, демалыс аймақтары қарастырылған.
«Ауылдың келбеті ең алдымен тұрғындарға жасалған жағдайдан көрінеді. Сондықтан біз жай ғана аумақты абаттандырып қоймай, адамдар күнделікті келетін, балалар ойнайтын, жастар спортпен айналысатын, үлкендер тынығатын орта қалыптастыруға мән береміз. Бұл аллея – тұрғындар үшін жасалған кеңістік. Ендігі міндет – оның тазалығы мен көркін бірге сақтау», – деді Қайыржан Жақсымбетов.
Жаңа аллея – бір ғана нысан емес, Өтеген батырдың жаңарып келе жатқан келбетінің бір бөлігі.
Ауданда тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments