Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтар№12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде референдумға дауыс беру ерекше форматта –...

№12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде референдумға дауыс беру ерекше форматта – этно-брейк мәдени шарасымен қатар ұйымдастырылды

361-референдум учаскесінде этно-брейк форматында референдумға дауыс беру өтуде
Бүгін Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан №361 референдум учаскесінде референдумға дауыс беру ерекше форматта – этно-брейк мәдени шарасымен қатар ұйымдастырылды. Бұл бастама тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған.
Іс-шара барысында тұрғындар референдумға өз дауыстарын беріп қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық дәстүр элементтерімен танысуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат халықтың сайлау процесіне қызығушылығын арттырып, қоғамдағы бірлік пен белсенділікті күшейтеді. Учаскеге келген тұрғындар да бұл бастаманы қолдап, өз таңдауларын жасап, азаматтық борыштарын орындауда.
№361 референдум учаскесінде дауыс беру белгіленген уақытқа дейін жалғасады. Тұрғындар референдумға қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments