Еліміздің басты заңы жаңарды. Бұл – тек құжаттың өзгеруі емес, бұл – мемлекет пен азамат арасындағы жаңа деңгейдегі диалог. Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтады, әділдікті орнықтырады, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.
Бірақ есіңде болсын: құқықтармен қатар міндеттер де бар. Конституцияны білу және оны құрметтеу – әр азаматтың парызы. Біз заңды білсек, оны орындасақ, қоғамда тұрақтылық пен тыныштық орнайды.
Сенің белсенділігің – елдің болашағы. Заңды құрметте – өз еліңді құрметте!
#ЖаңаКонституция #ЗаңҮстемдігі #Қазақстан


