Жиында аудан әкімнің есебі тыңдалып, Президент Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды
Жамбыл аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
▪Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Бірінші болып Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының сегіз айдағы орындалуы туралы есеп берді.
Әкімнің айтуынша, негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр.
▪Сонымен қатар жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған міндеттер талқыланды. Фракция мүшелері ауданда цифрлық бастамаларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар айтты.