♟12–13 қарашада Алматы қаласындағы Narxoz университетінің базасында «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шара мектеп шахматын дамытуға және осы бағыттағы халықаралық тәжірибе алмасуға арналады.
🔔Конференцияда шахматтың оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлі, оны білім беру үдерісіне енгізу және педагогтерді даярлау мәселелері талқыланады.
🌍Халықаралық жиынға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы, шетелдік сарапшылар, әдіскерлер мен педагогтер қатысады.
🎓Екі күндік бағдарлама аясында панельдік сессиялар, заманауи білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары мен шеберлік сабақтары өтеді. Қатысушылар мектептерде шахматты оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оны одан әрі дамыту жолдарын талқылайды.
🔗Конференция туралы толық ақпарат: https://conf.kazchess.kz/kz
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

