Четверг, 5 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар⚡️Алматыда «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді

⚡️Алматыда «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді

 

♟12–13 қарашада Алматы қаласындағы Narxoz университетінің базасында «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шара мектеп шахматын дамытуға және осы бағыттағы халықаралық тәжірибе алмасуға арналады.

🔔Конференцияда шахматтың оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлі, оны білім беру үдерісіне енгізу және педагогтерді даярлау мәселелері талқыланады.

🌍Халықаралық жиынға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы, шетелдік сарапшылар, әдіскерлер мен педагогтер қатысады.

🎓Екі күндік бағдарлама аясында панельдік сессиялар, заманауи білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары мен шеберлік сабақтары өтеді. Қатысушылар мектептерде шахматты оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оны одан әрі дамыту жолдарын талқылайды.

🔗Конференция туралы толық ақпарат: https://conf.kazchess.kz/kz

_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments