Понедельник, 2 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар⚡️Алматы оқушылары экофорумда экологиялық жобаларын таныстырды

⚡️Алматы оқушылары экофорумда экологиялық жобаларын таныстырды

 

🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Алматыдағы №174 мектеп-гимназиясында «Қалдықтан құндылыққа» қалалық эко-смарт форумы өтті.

🌱Оқушылар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен STEAM тәсілдерін қолдана отырып әзірлеген экологиялық жобаларын ұсынды. Форумға білім саласының өкілдері, ғалымдар мен педагогтер қатысты.

♻️ECO Smart Expo көрмесінде қалдықтарды қайта өңдеу және табиғи ресурстарды үнемдеу бағытындағы жобалар таныстырылды. Олардың қатарында қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар, табиғи өсімдіктерден дайындалған экосабындар және «Ақылды жылыжай» жобасы бар.

☀️Сондай-ақ оқушылар күн батареяларын, ақылды суару және жаңбыр суын жинау жүйелерін, «Жасыл қала» мен «Ақылды мектеп» макеттерін көрсетті.

🤝Пленарлық сессияда педагогтер мен оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, цифрлық технологияларды қолдану және экодизайн тақырыптарында тәжірибе алмасты.

🌍 «Таза Қазақстан» бастамасының білім беру саласындағы маңызды міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың күнделікті өмірде табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Оқушылардың экологиялық жобалары осы міндетті нақты іспен ұштастырады. Балалар алған білімдерін қалдықтарды қайта өңдеуге, су мен энергияны үнемдеуге қолданып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуды үйренеді.

_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments