Среда, 22 апреля, 2026
Басты бетЖаңалықтар⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»

 

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.

Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады.

Қазақстан:

✔️ экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;

✔️ биоалуантүрлілікті қорғау;

✔️ тозған жерлерді қалпына келтіру;

✔️ су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;

✔️ су үнемдеу саясатын енгізу;

✔️ қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды.

Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз.

Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз».

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments