Четверг, 12 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар⛏️ 24 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАП: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА БИЫЛ ҚЫСТА ҚАНША КӨМІР ҚАЖЕТ...

⛏️ 24 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БАСТАП: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА БИЫЛ ҚЫСТА ҚАНША КӨМІР ҚАЖЕТ ЖӘНЕ ҚОР ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

 

Алматы облысының тұрғындарына алдағы қыста 666 мың тоннаға жуық көмір қажет болады. Қазір өңірдің қоймаларына 379 мың тонна жеткізілді — бұл қажетті көлемнің 57%-ы. Отынның құны бір тоннасына 24 мың теңгеден басталады, алайда кейбір елді мекендерде 27 мыңға дейін жетеді.

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының дерегінше, көмір 35 сату пункті арқылы сатылады. Негізінен «Шұбаркөл», «Қаражыра» және «Ой-Қарағай» кен орындарынан жеткізіледі.

Баға қойманың орналасуы мен теміржол тұйықтарына дейінгі қашықтыққа байланысты. Сондықтан әр елді мекенде бір тоннаның құны әртүрлі болуы мүмкін.

Теміржол қатынасы жоқ ауылдар мен аудандарға көмір автомобиль көлігімен жеткізіледі. Атап айтқанда, Райымбек және Кеген аудандарының шалғай тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету үшін жергілікті «Ой-Қарағай» кен орнының көмірі пайдаланылады.

Облыстың энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрлан Өмірхановтың айтуынша, жеткізілімдер бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып, қоймалардағы қор үнемі толықтырылып отырады, ал бағалар екі апта сайын тексеріледі.

Көмір жетіспесе, жеткізілім кешіксе немесе сатушылар бағаны негізсіз көтерсе, тұрғындар қайда жүгінуі керектігі де айтылды.

Мұндай шағымдар аудандық және қалалық әкімдіктермен және жеткізушілермен бірлесіп қаралады. Құнын жасанды түрде көтеру немесе бәсекелестікті шектеу белгілері анықталса, материалдар Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментіне жіберіледі.

Өтініш беру кезінде сатушының атауын, көмір қоймасының мекенжайын, сатып алу күні мен отынның құнын көрсету қажет. Төлем чегін қоса тіркеген жөн.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на нас: Atameken_press

#көмір #Алматыоблысы #қыс #отын #баға #Қазақстан #новости

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments