Пятница, 16 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар⛸️ Алматы Астананың орнына төрт құрлық чемпионатын қабылдайды

⛸️ Алматы Астананың орнына төрт құрлық чемпионатын қабылдайды

 

Халықаралық коньки тебу одағы (ISU) 2027 жылғы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатының өтетін орнын өзгерткенін мәлімдеді.

Бастапқыда жарыс Астанада өткізілуі жоспарланған еді, алайда Қазақстанның коньки тебу одағымен келісе отырып, турнирді Алматыға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады. Чемпионат 9–14 ақпан аралығында «Алматы Аренада» өтеді.

Қазақстан төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды. 2025 жылы турнирде Михаил Шайдоров жеңіске жетсе, 2015 жылы Денис Тен жеңімпаз атанған. Әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы үшінші орын алған.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#мәнерлепсырғанау #ТөртҚұрлықЧемпионаты #Алматы #ISU #Шайдоров #Тен #Тұрсынбаева #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments