Пятница, 18 сентября, 2026
Басты бетПослание президента✉️Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады

✉️Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады

 

🇰🇿🇮🇳Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

 

Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді.

 

Сондай-ақ Нарендра Модимен екіжақты кездесу нәтижелі болғанына назар аударып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments