Среда, 24 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтар🇰🇿🇪🇺 Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті

🇰🇿🇪🇺 Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті

 

🟦Президент Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичпен, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Морамен кездесу өткізді.
🟦ЕО және ЕИБ жоғары лауазымды өкілдерімен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен өткен келіссөздер нәтижесін жоғары бағалап, кездесуде Астана мен Брюссель арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара бейіл екендерін растағанын айтты.
🟦Мемлекет басшысы бұл сапардың экономикалық құрамдас бөлігі, атап айтқанда, құны 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылуы еуропалық бизнестің Қазақстан экономикасына және елде жүргізіліп жатқан реформаларға деген сенімін байқататынын жеткізді.

🟦Осы орайда Президент Еуропалық инвестициялық банкпен серіктестіктің нәтижелі сипатына көңілі толатынын атап өтіп, аталған қаржы институтымен алдағы ынтымақтастық Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына және өңірлік өзара байланыстарды арттыру бағытындағы бастамаларын ілгерілетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
🟦Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчович Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
🟦Ол осы сапар аясында қол қойылатын маңызды коммерциялық келісімдер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұзақ жылдар бойғы бірлескен күш-жігердің нәтижесі екеніне тоқталды.
🟦Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі салалардағы ортақ бастамаларды ілгерілету мақсатында конструктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments