Среда, 11 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🇰🇿 Алматы облысында цифрлық технологияның көмегімен өлім-жітім 31 пайызға азайды

🇰🇿 Алматы облысында цифрлық технологияның көмегімен өлім-жітім 31 пайызға азайды

 

Алматы облысында қоғамдық орындар мен автомобиль жолдарына орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен өлім-жітім көрсеткіші 31 пайызға төмендеген.

Өңірде 9500-ге жуық камера жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың көмегімен анықталған құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдардан бюджетке 11,5 млрд теңге түскен.

Бұл туралы цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтылды. Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Бүгінде цифрлық технологиялар өндірістен бастап мемлекеттік басқаруға дейінгі барлық саланың жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертіп, жаңаша даму мүмкіндіктеріне жол ашуда. Ең бастысы, енгізіліп жатқан сандық технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғасын азайтып, адам өмірін сақтауға нақты септігін тигізіп отыр», — деді Шыңғыс Әрінов.

Облыста цифрлық қызметтерді дамыту бағытында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда:
🔹 «109» қызметі арқылы 73 мыңнан астам азаматтың мәселесі шешілген
🔹 цифрлық бақылау жүйесінің көмегімен 188 жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізіліп жатыр

Интернет инфрақұрылымы:
📡 376 елді мекеннің 365-і мобильді байланыс және интернет желісімен қамтылған — бұл 97%-дан астам
📡 келесі жылы тағы сегіз ауылды сапалы интернетке қосу жоспарланып отыр
📡 «Қолжетімді интернет» жобасы аясында облыстың 85 ауылына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған
📡 биыл 29 елді мекендегі әкімдіктер, мектептер мен фельдшерлік пункттер интернетке қосылды
📡 23 ауылға уақытша Starlink станциялары орнатылуда

Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдар бойында 17 антенна-діңгек құрылысын аяқтау көзделген. Көлсай мен Шарын туристік аймақтарында мобильді байланыс пен Freedom Telecom компаниясының тегін Wi-Fi желісі жұмыс істейді.

Жастарды тарту:
Қонаевтағы Alatau Hub орталығында биыл 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 1400-ден астам адам қатысқан. «Digital Keruen» жобасы арқылы өңір тұрғындары IT және жасанды интеллект саласындағы білімдерін жетілдірді. Хакатондар, Google Cloud шеберханасы және Startup Orda бағдарламасы аясында оқыту шаралары өткізілді.

Салтанатты жиында цифрландыру саласының үздік қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Подписывайтесь на нас: Atameken_press

#Алматыоблысы #цифрландыру #бейнебақылау #интернет #Starlink #Қазақстан #новости

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments