2027 жылғы бюджет шығыстары 30,2 трлн теңге болады деп жоспарланып отыр. Оның 10,5 трлн теңгесі немесе жалпы шығыстың 35%-ы халықты қолдауға бағытталады. Қаржы білім беру, денсаулық сақтау және азаматтардың әлеуметтік міндеттемелерін орындауға жұмсалады.
Бұл туралы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланған «Қаржы нарығы» бағдарламасында айтылды.
📊 Келесі жылдың бюджет кірісі 25,4 трлн теңге болады деп болжанған. Ал шығыс көлемі кірістен 5,6 трлн теңгеге артық. Бұл — бюджет тапшылығы. Жалпы ішкі өнімге шаққанда оның деңгейі 2,3% болады деп күтіледі.
Сонымен қатар 2029 жылға қарай бюджет кірісін 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#бюджет #2027 #әлеуметтікқолдау #Қазақстан #экономика #жаңалықтар

