Четверг, 29 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🇰🇿 Қазақстан 2027 жылы бюджет шығыстарының 35%-ын халықты қолдауға бағыттайды

🇰🇿 Қазақстан 2027 жылы бюджет шығыстарының 35%-ын халықты қолдауға бағыттайды

 

2027 жылғы бюджет шығыстары 30,2 трлн теңге болады деп жоспарланып отыр. Оның 10,5 трлн теңгесі немесе жалпы шығыстың 35%-ы халықты қолдауға бағытталады. Қаржы білім беру, денсаулық сақтау және азаматтардың әлеуметтік міндеттемелерін орындауға жұмсалады.

Бұл туралы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланған «Қаржы нарығы» бағдарламасында айтылды.

📊 Келесі жылдың бюджет кірісі 25,4 трлн теңге болады деп болжанған. Ал шығыс көлемі кірістен 5,6 трлн теңгеге артық. Бұл — бюджет тапшылығы. Жалпы ішкі өнімге шаққанда оның деңгейі 2,3% болады деп күтіледі.

Сонымен қатар 2029 жылға қарай бюджет кірісін 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#бюджет #2027 #әлеуметтікқолдау #Қазақстан #экономика #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments