Среда, 15 апреля, 2026
Басты бетЖаңалықтар🇹🇷Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

🇹🇷Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

 

🟦Сондай-ақ Президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитіне ерекше мән беріп отырғанын мәлімдеді.

– Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында жаңа ғана Премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен бірге Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 14-отырысын өткіздік. Оның қорытындысы бойынша түрлі саладағы нақты шараларды іске асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Бұл құжат алдағы кезеңге арналған сауда-экономикалық ықпалдастығымыздың жол картасына айналады, – деді Түркия Вице-президенті.

🟦Джевдет Йылмаз жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

🟦Мемлекет басшысы осы тарихи сәтте бауырлас түрік халқының қолдауын сезінгенін, Түркиядан келген байқаушылар референдумға ерекше атсалысқанын атап өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments