Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан басшыларының кездесуінде Президент бірнеше бастаманы жариялады:
🔹 өзара сауданы 13 млрд доллардан кемінде 20 млрд долларға дейін ұлғайту
🔹 жасанды интеллект бойынша ортақ ынтымақтастық бағдарламасын құру
🔹 су мәселелерін бірлесіп шешу және халықаралық су ұйымы идеясын ілгерілету
Тоқаев 2018 жылдан бері елдер 200-ден астам бастама ұсынғанын, бірақ олардың аз бөлігі ғана жүзеге асқанын атап өтті. Сондықтан қай идеялардың шынымен өзекті әрі жүзеге асырыла алатынын тексеруді ұсынды.
Сонымен қатар Орталық Азия елдері үшін басты қауіпсіздік қатерлерін атады: терроризм, нашақорлық, қару мен адам саудасы, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс және алаяқтық.
Фото: Ақорда
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Тоқаев #ОрталықАзия #Әзірбайжан #сауда #ЖИ #қауіпсіздік #Ақорда #жаңалықтар


