Пятница, 20 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтар🌿✨ Digital Nauryz –2026

🌿✨ Digital Nauryz –2026

fb92b25d-5b54-47d5-ae4f-993ade391cae
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы
Наурызнаманың онкүндігі аясында Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылдық кітапханасында Жамбыл аудандық кітапханасының директоры Ибрайжанова Бибінұр Ермекбайқызы бастаған 19-наурыз «Жаңару» күніне Мыңбай, Қарғалы, Үмбетәлі, Үлкен, Айдарлы, Қазыбек бек, Балғабек Қыдырбекұлы ауылдық кітапханашылары бірлесе «Жаңару рухани жаңғыру бастауы» атты мерекелік іс шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі Ержан Қасымшалов пен Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, ақын Өмірбай Өмірзақ өлеңін арнады. Мерекелік іс шараға жазушы, журналисттер Жұмаш Арғынбаев пен Баян Болатханқызы, фото журналист Нұрманбет Қизатұлы, Ақсеңгір ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы Азибекова Майра Байжұмақызы сияқты зиялы қауымы қатысты. Думанды тойға наурызкөже әзірленіп, ақ дастархан жайылды. Барша мерекеге қатысушылар ерекше ықыласпен, зор ризашылықпен тарасты.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments