Четверг, 29 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🎨 Ұлттық дәстүрден заманауи дизайнға дейін: Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

🎨 Ұлттық дәстүрден заманауи дизайнға дейін: Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді

 

31 қазан – 1 қараша күндері Алматыдағы «Атакент» КЦДС-нің «Бақшасарай» алаңында қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараға 50-ден астам шебер мен Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің (WCC) өкілдері қатысады.

Келушілер киіз, былғары, ағаш, металл және керамикадан жасалған бұйымдарды, ұлттық әшекейлер мен музыкалық аспаптарды тамашалап, шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Жәрмеңке дәстүрлі қолөнерді заманауи дизайнмен ұштастырып, ұлттық мәдени мұраны кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

📅 Күні: 31 қазан – 1 қараша 2026 жыл
📍 Мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, 1-корпус, «Атакент» КЦДС, «Бақшасарай» алаңы
🎟 Кіру тегін

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#қолөнер #жәрмеңке #Алматы #Атакент #мәдениет #дəстүр #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments