Среда, 30 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🎭Абай атындағы театрдың «Спартак» балетін Аспендоста 30 мың көрермен тамашалады

🎭Абай атындағы театрдың «Спартак» балетін Аспендоста 30 мың көрермен тамашалады

 

📌Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Түркияның Аспендос қаласында өткен XXXIII халықаралық опера және балет фестивалінде Арам Хачатурянның «Спартак» балетін сахналады.

Қойылымды 30 мың көрермен тамашалады.

Қазақстандық ұжым әйгілі антикалық театр сахнасында хореограф Заурбек Райбаев қойған «Спартак» балетін ұсынды. Абай атындағы театр фестивальге Түркияның Мемлекеттік опера және балет театрлары бас басқармасының шақыруымен барды.

Басты партияларды Архат Әшірбек, Айман Егісбаева, Сырым Аюпов және Жанель Түкеева орындады. Қойылымға театрдың балет әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбусинов жетекшілік еткен симфониялық оркестр де қатысты.

Заурбек Райбаевтың «Спартак» қойылымы – хореографтың шығармашылық жолындағы айтулы еңбектерінің бірі. Хореограф сахналаған қойылымдар отандық балет өнерінің дамуында айрықша орын алады, ал бүгінде театр репертуарында сақталып келеді.

🎭30 тысяч зрителей посетили показы «Спартака» театра имени Абая в Аспендосе

📌Балет Арама Хачатуряна «Спартак» в исполнении Казахского национального театра оперы и балета имени Абая собрал 30 тысяч зрителей на 33-м Международном фестивале оперы и балета в Аспендосе (Турция).

На сцене знаменитого античного театра казахстанская труппа представила «Спартак» в постановке хореографа Заурбека Райбаева. Театр имени Абая принял участие в фестивале по приглашению Главного управления государственных театров оперы и балета Турции.

Главные партии исполнили Архат Аширбек, Айман Егисбаева, Сырым Аюпов и Жанель Тукеева. В спектакле также приняли участие артисты балета и симфонический оркестр театра под управлением заслуженного деятеля Казахстана Нуржана Байбусинова.

«Спартак» занимает особое место в творческом наследии Заурбека Райбаева. Его постановки стали значимой частью отечественного балетного искусства и продолжают сохраняться в репертуаре театра.

🚀Aitu | Instagram | TikTok

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments