Понедельник, 2 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🏆 Алматыда FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

🏆 Алматыда FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

 

Алматыда FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Халықаралық білім сайысын «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ SDU University базасында ұйымдастырды.

Биыл олимпиаданың іріктеу кезеңіне әлемнің 28 еліндегі 125-тен астам қаладан шамамен 1 500 мектеп оқушысы қатысты. Іріктеу нәтижесінде 49 команда финалға жолдама алып, олардың 47-сі шешуші кезеңде бақ сынады. Финалға 15 елден 118 оқушы қатысты.

Халықаралық жарыста Қазақстан, Армения, Беларусь, Испания, Италия, Кипр, Қырғызстан, Марокко, Моңғолия, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан және Филиппин елдерінің оқушылары өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.

Олимпиада командалық форматта өткізіліп, қатысушылар бағдарламалау, деректерді талдау, математика және машиналық оқыту бағыттары бойынша күрделі тапсырмаларды орындады. Финалдық кезең екі турдан тұрды.

Жарыс қорытындысы:
🥇 Гран-при — Ресей командасына
🥇 I орын — Ресейдің 3 командасы
🥈 II орын — Қазақстан, Ресей, Таиланд және Кипрдің 8 командасы
🥉 III орын — Қазақстан, Румыния, Ресей, Испания және Моңғолияның 12 командасы

Олимпиаданың жалпы жүлде қоры — 11 млн теңге.

FAIO олимпиадасы биыл үшінші рет ұйымдастырылды. 2024 жылы тек қазақстандық оқушылар қатысқан білім сайысы бүгінде халықаралық деңгейге көтерілді.

Халықаралық олимпиаданың өтуіне бірқатар ірі технологиялық, қаржылық және білім беру ұйымдары қолдау көрсетті: activ 5G, Freedom Holding Corp., ANSA Qory, Halyk, Mastercard, investbanq, MA7 Ventures, Silkroad Innovation Hub және Marine Health.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! 🎉

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#FAIO2026 #ЖИ #олимпиада #Алматы #РФММ #SDU #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments