Қазақстанда АЭС салу аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарланып отыр: мұнда тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылым салынады. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев Түркиядағы «Аккую» АЭС-ында жұмыс істейтін қазақстандық мамандармен кездесуде айтты.
Оның айтуынша, 33 мың адамға дейін тұруға есептелген атомшылар қалашығы қолданыстағы ауылға интеграцияланады.
Жоспарда:
🏠 тұрғын үй құрылысы
🏫 мектептер
🏥 медициналық нысандар
🎓 кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары
🏨 қонақүй инфрақұрылымы, қызмет көрсету және бизнес
«Бұл жеке жұмысшы кенті болмайды. Бұл — өмір сүру үшін қажетті инфрақұрылымымен бірге Үлкенді дамыту», — деді Сатқалиев.
Агенттік басшысының сөзінше, жоспарлау кезінде АЭС құрылысын қамтамасыз ету үшін салынатын нысандарды одан әрі пайдалану да ескеріледі. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң оларды ауыл қажеттілігі мен кәсіпкерлікті дамытуға пайдалануға болады.
Сонымен қатар цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр. Ауылда АЭС-тің болашақ қызметкерлерін даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға арналған оқу-жаттығу орталығы орналасады.
Алмасадам Сатқалиевтің айтуынша, бір АЭС құрылысының қарқынды кезеңінде 15 мыңға дейін жұмысшы қажет болады: инженер-құрылысшылар, дәнекерлеушілер, монтаждаушылар, электриктер, автоматизация және сапаны бақылау мамандары.
Станцияны кейін пайдалану үшін 2 мыңға жуық қызметкер қажет: инженер-атомшылар, реакторлық қондырғылардың операторлары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу мамандары.
Кадрларды даярлау Қазақстанның бейіндік оқу орындарымен, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің бейіндік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты көздейді. Сонымен қатар «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында атом саласы қызметкерлерін оқыту мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Подписывайтесь на нас: Atameken_press
#АЭС #Үлкен #Алматыоблысы #Сатқалиев #атомэнергетикасы #Қазақстан #новости


