Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, Талғар ауданында 29 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды.
Жаңа қоныс иелерінің қатарында көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасылар бар.
Түзусай ауылында өткен салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Шыңғыс Аринов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.
«Халықты баспанамен қамтамасыз ету — Президент қойған маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру мен азаматтардың өміріне қолайлы жағдай жасау — мемлекеттің басты міндеттері екенін бірнеше рет атап өткен. Баспана кезегінде тұрған азаматтардың мәселелері әрдайым назарымызда. Болашақта тұрғын үй қорын ұлғайтуға ерекше көңіл бөле отырып, осы бағытта жүйелі жұмысты жалғастырамыз», — деді Шыңғыс Аринов.
Қазіргі уақытта Талғар ауданында баспана кезегінде 7,5 мыңға жуық азамат тұр. Соңғы екі жылда ауданда 459 пәтер сатып алынып, оның 275-і жаңа иелеріне берілді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Алматыоблысы #Талғар #баспана #тұрғынүй #Аринов #Қазақстан #жаңалықтар



