Қонаевта салу жоспарланған $2 млрд тұратын медициналық кампус жобасы іске асырылмайды. Инвестор бөлінген 100 гектар жерді игеруге кіріспегендіктен, жоба инвестициялық мәртебесінен айырылады.
Жоба туралы биылғы жылдың басында белгілі болды. Медициналық кампусты «Жаңа Іле» ауданында орналастыру жоспарланған. Құрылыс үшін ауданы 100 гектар жер телімі бөлініп, жұмыстарды 2026 жылы бастау көзделген.
Қонаев әкімдігі инвестор тарапынан бөлінген жер телімін игеру бойынша қажетті шаралар қабылданбағанын хабарлады.
«Жақын арада тиісті хаттама шығады. Ол бекітілгеннен кейін жер телімі мемлекетке қайтарылады», — деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
$2 млрд-қа не салу жоспарланған:
🔹 60 мың білім алушыға арналған кампус
🔹 оқу корпустары мен жатақханалар
🔹 1000 орындық аурухана және клиникалар
🔹 3800-ге жуық жаңа жұмыс орны
Іске асыру шамамен бес жылға созылуы тиіс еді. Алайда жоспарлар практикалық кезеңге жетпеді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Қонаев #медкампус #инвестиция #әкімдік #ЖаңаІле #Қазақстан #жаңалықтар


