Жамбыл ауданындағы Dog House «Твардовский дом» баспанасында қалған 90-ға жуық ит азықпен қамтамасыз етілді. Енді мамандар волонтерлермен бірге жануарларды басқа жерлерге орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.
Төрт аяқтыларды тасымалдау үшін көлік бөлінді. 20-дан астам үй жануарын бей-жай қарамайтын адамдар өз қамқорлығына алғаны хабарланады. Құйрықты достарын өз үйіне алуға дайын адамдарды жауап беруге шақырады. Зооқорғаушылар тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды.
Еске салайық: «Твардовский дом» баспанасының иесі Владимир Тепляковты бірнеше күн бұрын өлтірген. Оның қаза болу мән-жайын полицейлер әлі анықтап жатыр. Dog House баспанасының болашақ тағдырын Владимирдің отбасы шешеді.
📹 Алматы облысының әкімдігі
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#DogHouse #Твардовскийдом #баспана #иттер #волонтерлер #Алматыоблысы #Жамбылауданы #көмек #жаңалықтар


